Ойсылқара баба кесеңесіне зират жасалды
«Ислам және дәстүр құндылығы» жыл аясында «Дархан дала» жобасы негізінде Ойсылқара баба кесеңесіне зират жасалды.
Ойсылқара – түйе малының пірі. Ислам тарихында пайғамбарға деген сүйіспеншілігімен белгілі болып, әулие ретінде құрметтелген Уәйіс әл-Қаранидің атымен байланысты ұғым.
Тарихи тұлға Уәйіс әл-Қарани Шам шаһарына қарасты Қаран ауылында 7 ғасырда өмір сүрген. Ол әулиелік кереметімен Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келетінін алдын ала сезген. Ол Қаран елінің түйесін бағып, өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған. Шешесінің рұқсатын алып, пайғамбарды көруге Мединеге келген. Уәйіс Қаранидің әулиелігін, ыстық ілтипатын ерекше рухани байланыс арқылы сезінген Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбар оған деген құрметінің белгісі және оның рухани дәрежесінің айғағы ретінде сахабалары арқылы өз шапанын сыйлайды. Науқас шешесіне қарайлаған Уәйіс Қарани пайғамбардың көзі тірісінде жүздесе алмайды. Сондықтан ол табиғиндердің ұлығы болып саналады. Түркі ислам дүниесінде, дәстүрлі қазақ қоғамында да төрт түлік малмен байланысты әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлылығын әйгілеп, ол кәсіптің әрқайсысының бастауында рухани ұстаз, қасиетті пір тұрғандығына сенген.
Аталған шараға 17-адам қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі