Рамазанның алғашқы күндері «Ауызашар қоржындары» таратылды 609

Рамазанның алғашқы күндері «Ауызашар қоржындары» таратылды

17 сәуір 2021 51 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмектер жасалып келеді.

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде-ақ Ақтөбе облысы имамдары мешітке намазға келген жамағатқа, жарымжан, аз қамтамасыз етілген ауыз бекіткен мұқтаж отбасыларға қайырымдылық азық-түліктерін таратты.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің бастамасымен «Ауызашар қоржыны» атты акция аясында облыс мешіттерінің имамдары 105 отбасыға 272 дана ауызашар қоржынын таратып, 72 отбасыға құрбандық етімен қайырымдылық жасады.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі