22 Зул-Қағда
Шалқарда Құран сайысы өтті 4407

Шалқарда Құран сайысы өтті

10 сәуір 2025 270 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты жамағат арасында Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан жарыс өтті.

Жарыс қасиетті Қадір түні тарауих намазынан кейін басталды. Сайысқа 16 адам қатысып, Шалқар ауданының бас имамы және тарауих намазында хатым түсірген 3 қариымыз жарыста төрелік өтті.

Айта кетейік, Қасиетті Рамазан айында сауапты іске мұрындық болып жүрген жұмысшылар қалашығының 1985 жылғы азаматтары Қадір түнінде өткен Құран жарысына демеушілік жасап, белсене атсалысты.

Тартысты доданың қорытындысы бойынша жамағат арасында өткен Құранның 30 – шы парасынан сайыста жүлделі 1 – орынды Диас Ұзақбай (70 000 теңге), 2 – орынды Ғабиден Ғалымжан (50 000 теңге), 3 – орынды Асылхан Шынарбаев (30 000 теңге) иеленді. Ал, Абзал Смағұлов, Омар Абдуррахман және Жоламан Бөлеген жарыста белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.