Қобдада Пәтуа семинары өтті 4861

Қобдада Пәтуа семинары өтті

22 қыркүйек 2025 84 Оқу 1 минут

Қобда ауданында имамдарына арналған Пәтуа семинары өтті. 

Семинар барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман Талғат Аманов пәтуаның маңыздылығы мен жауапкершілігіне тоқталы.

Сонымен қатар білімсіз пәтуа берудің салдары және пәтуаны тек арнайы тағайындалған ресми жауапты адамнан сұрау керектігі туралы баяндады.

Одан өзге «Пәтуалар жинағының» бесінші кітабы таныстырылды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі