Бегімбетте ихсан ілімі насихатталды 856

Бегімбетте ихсан ілімі насихатталды

18 қыркүйек 2021 103 Оқу 1 минут

Шалқар ауданына  қарасты Бегімбет ауылдық кітапханасында "Бегімбет" мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастырумен "Ихсан – рухани тәрбие негізі" кітабының танытымы өтті.

Іс-шараға ауыл әкімшілік аппаратының жетекші маманы Назерке Мырзалина мен кітапхана меңгерушісі Салтанат Байдылова және ардагерлердің төреалқасы Жұмат Қаскенов қатысты.

Шара барысында иман жаңа кітаптың әр бөліміне шолу жасап, қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.

Одан өзге ақшам намазынан кейін әр күн сайын "Бегімбет" мешітінде жергілікті жаматқа ихсан ілімі аясына уағыз-насихат айтылып келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мештінің баспасөз қызметі