«Дәстүрлі ислам мен теріс діни ағымдар айырмашылығы» тақырыбында кездесу өтті 5024

«Дәстүрлі ислам мен теріс діни ағымдар айырмашылығы» тақырыбында кездесу өтті

20 қараша 2025 81 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында 2025 жылдың негізгі 4 бағыттағы жұмыстарының бірі — жат діни ағымдардан жастарды сақтандыру екендігін баса назарда екендігі айтылды. 

Осыған орай Ақтөбе облысы өкілдігінде ЖАНТ мүшелері діни ахуалды тұрақтандыу бағытында белсенді жұмыс жасап келеді. Аталған бағыт бойынша Ойыл ауданындағы Шығанақ Берсеиев ауылдық округіндегі Қаратал спорт мектеб3нде жастармен кездесу өтті.

«Дәстүрлі ислам мен теріс діни ағымдар айырмашылығы» тақырыбындағі кездесуге Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызырұлы мен жаттықтырушылар және жасөспірімдер қатысты.

Ауданның бас имамы жат ағымның алдын алу туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, дінге қатысты қойылған сұрақтарына талдап, жіті жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі