Құрбан айтқа байланысты қала имамдарына алқалы жиын өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне орай қала имамдары мен ұстаздарға арналған арқалы жиын өтті.
Жиналыс барысында Құрбан айт күндері атқарылатын діни-рухани шаралар мен ұйымдастыру жұмыстары пысықталып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар құрбан шалу рәсімдерін шариғат талаптарына сай өткізу, халыққа дұрыс насихат айту, тазалық пен тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Одан өзге мереке күндері мешіттердегі уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық шаралары және жамағатпен байланыс мәселелері де назарға алынып, имамдарға тиісті бағыт-бағдар берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































