Бас имам Темір ауданына іс-сапармен барды 681

Бас имам Темір ауданына іс-сапармен барды

05 шілде 2021 188 Оқу 1 минут

Өткен апта Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта іске қосылды. Имамдар мен теологтардан құрылған бірнеше топты Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібай мен облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев Темір ауданына бастап барды.

Аудандық әкімішілікте өткен жұмыс жоспарын талқылау жиынынан соң Бас имам Серікжан Еншібайұлы жаңадан бой көтеріп жатқан «Досжан Ишан» мешітінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Кейін аудандық локомотивтік ДЕПО қызметкерлерімен кездесті. Теріс ағымның алдын алуға қатысты бірқатар нұсқаулықтар беріп, теміржол қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, аудандық коворкинг орталығында аудандық деңгейде үлгілі әрі озат қызмет жасап келе жатқан жергілікті БАҚ өкілдерін және «Темір аудандық қоғамдық-саяси газетінің» ұжымын тілшілер мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, «Жастар саясаты және дін істері» орталығына «Теріс ағымға апаратын 7 себеп» тақырыбында сұхбат берді.

Артынша құптан намазының алдында аудандық «Досжан Ишан» мешітінде жамағатпен кездесті. Бірліктің маңыздылығын айтып, жамағатты ынтымаққа шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі