24 Зул-Қағда
Шалқар: Қарттар үйіндегі ақсақалдар мен әжелерге ауызашар берілді 4322

Шалқар: Қарттар үйіндегі ақсақалдар мен әжелерге ауызашар берілді

14 наурыз 2025 175 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге ауызашар дастарханы жайылып, Рамазан айының құрметіне орай сыйлықтар тарту етілді. 

Ауызашар барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков оразаның қадір-қасиеті жайында уағыз айтып, Құран оқып, қарияларымызға денсаулық, ұзақ өмір және сабырлық тіледі.

Қарияларымыз осыған дейін де «Рамазан сыйы» қоржындарын алғанын тілге тиек ете келе, ауызашар ұйымдастырып, құрмет жасап жатқаны үшін мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты. Сөз соңында Рамазанға төрт көзіміз түгел жеткізгеніне Аллаға шүкірлер айтып, келесі жылы да аман-есен жетуімізді және ораза ұстаушылар санының артуын тіледі.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі