Түрік ақыны Фатиһ Сұлтанға облыстық мешіт таныстырылды
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов пен Мұғалжар ауданының Бас имамы Мұхаммедисмаил Шадман Түркия мемлекетінен келген құрметті қонақ түрік ақыны, аудармашы Фатиһ Сұлтан Йылмазға өңірдегі руханияттың ордасы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінін таныстырды.
Экскурсия барысында мешіттің тарихы мен ерекшеліктері туралы имам мен ұстаз толық түсіндіріп өтті.
Ақын мешіттің ерекшеліктеріне қызығушылық танытты. Өзіне ұнағанын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































