АҚТӨБЕ: «SPACE’S SPICE» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 3370

АҚТӨБЕ: «SPACE’S SPICE» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

27 мамыр 2024 1084 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Daurenbekuly» кәсіпорнының «Space’s spice» сауда белгісімен шығарылатын тағамдық қоспалары мен жартылай фабрикаттары сертификатталды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстап, халал кәсіптеріне береке тіледі.

«Space’s spice» сауда белгісімен тағамдық қоспалар, маринадталған кәуап, тауық еті секілді жартылай фабрикаттар да шығарылады. Кәсіпорынды сертификаттау барысында өндіріс аумағында айлық аудит жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы өнімдері толықтай тексерілді. Санитарлық тазалығы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, мекеме басшылығы мен қызметкерлерге халал стандарты мен технологиясы жөнінде семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

Айта кетейік, «Daurenbekuly» кәсіпорнының Астана және Ақтөбе қалаларындағы екі сату орны сертификатталды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 290/3 және Астана қаласы, Ш.Қосшығұлұлы 19/1.