Шағбан айының құрметіне ауызашар жасалды 3228

Шағбан айының құрметіне ауызашар жасалды

01 наурыз 2024 204 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Шағбан айының құрметіне орай жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды.

Аталған іске мұрындық болған мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы ауызашарға демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Қасиетті айға үлкен рухани дайындықпен кіріп, бүгіннен құлшылық-ғибадаттарымызды реттеу қажеттігін түсіндіріп өткен «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамов «Рамазан айына дайындық» туралы насихат айтып өзекті сұрақтарды кеңінен талқылап өтті.

Айта кетейік, ауызашарға 100-ге жуық адам қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі