Алғыс айту күнінде ақсақалдарға алғыс білдірілді 3229

Алғыс айту күнінде ақсақалдарға алғыс білдірілді

01 наурыз 2024 219 Оқу 1 минут

«Алғыс айту күніне» орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жас буынға үлгі, өнеге көрсеткен ақсақалдар алғыс хаттармен марапатталды.

Құттықтау сөзінде Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай алғыс айтудың мән-маңызына тоқталып, мешіттің ыстығына күйіп, суығына тоңып, береке-бірлікке ұмтылуына ұйытқы болып жүрген ақсақалдар мен жамағқа айырықша алғыс айтты.

Сонымен қатар, аудандық мешіттің азаншысы Қайрат Қаймолдин мешіттің шаруашылық қызметкерлеріне арнайы алғыс білдірді.

Игі шара дастарқан басында жалғасын тауып, ақсақалдар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі