Әйтеке би: Облыстың Бас имамы аудандық орталық мешітте жұма уағызын айтты 4922

Әйтеке би: Облыстың Бас имамы аудандық орталық мешітте жұма уағызын айтты

06 қазан 2025 152 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында аудандық  орталық мешітте жамағатқа «Ұрпақ тәрбиелеуде – ұстаздың орны» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Жұма уағызынан кейін Амантай Садиев жамағатпен бірге дұға жасап, Алладан елдің тыныштығын, жердің амандығын тіледі.

Сонымен қатар іс сапар барысында ЖАНТ мүшесі, «Досжан Хазірет» мешітінің Бас имамы Шынболат Үмбетов ауданға қарасты Қарабұтақ ауылдық мешітінде ұстаздың орны туралы жұма насихатында тоқталды.

Жамағат арнайы сапармен келген имамдарға алғысын білдірді. Қариялар батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі