Облыстың Бас имамы ағайынды Жұбановтар музейіне барды 3596

Облыстың Бас имамы ағайынды Жұбановтар музейіне барды

04 қыркүйек 2024 377 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Мұғалжар ауданына сапары барысында Ембі қаласындағы ағайынды Жұбановтар мемориалдық музейіне атбасын бұрды. 

Облыстың Бас имамы осы өңірден шыққан біртуар Жұбановтардың бағындырған шыңы, нағыз талантқа тән қайталанбас тағдырымен танысты.

Айта кетсек, 1983 жылы музей кәсіптік-техникалық училищесінің жатақханасынан ашылды. 1999 жылы музейге «Ағайынды Жұбановтар мемориалдық музейі» статусы берілді. 2006 жылы Ахмат Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы өтіп, құнды жәдігерлер жаңа ғимаратқа көшірілді.

Музей «Ақжарым алтын бесігім», Ахмет Жұбановқа және «Жыр жазамын жүрегіммен» атты Ғазиза Жұбановаға арналған залдан тұрады.

Арнайы экскурсияға Ембі қаласының әкімі Райымбек Зейнедуллаұлы мен имамдар қатысты.

Одан өзге облыстың Бас имамы музей ұжымына алғысын білдіріп, арнайы ізгі тілектер кітабына қолтаңбасын қалдырды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі