Кептелісте қалған тұрғындарға құрма мен су таратылды
Рамазан айының жетінші күні ҚМДБ «Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілінің ұйымдастыруымен қаламызда Рамазан қайырымдылық акциясы өтті.
Ауызашар уақытында үйлеріне жете алмай, кептелісте қалып қойған қала тұрғындарына құрма мен су таратылып, ораза айымен құттықтады. Ал тұрғындар игілікті іске ерекше риза болып, алғыстарын білдірді.
Аталған шараға ерікті түрде «Жастар ісі» секторын қолдап, қаламыздың жас жігіттері басынан бастап, ұйымдастырудың соңына дейін жәрдемін берді. Жалпы шараға 10- ға жуық жас жігіттер атсалысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспсөз қызметі