Құран және Рамазан айының қадір-қасиетіне қатысты викториналық сұрақ-жауап сайысы өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінде ауызашар дастарханы барысында жамағатқа арналған рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Ауызашарға жиналған жамағаттың рухани танымын арттыру және діни білімін шыңдау мақсатында Құран және Рамазан айының қадір-қасиетіне қатысты арнайы викториналық сұрақ-жауап сайысы өткізілді.
Іс-шара барысында жамағатқа Қасиетті Құран, Рамазан айының артықшылықтары, оразаның үкімдері мен ислам құндылықтарына байланысты сұрақтар қойылды. Сұрақтарға белсенді әрі дұрыс жауап берген жамағаттарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, Құранға деген құрметін күшейту және Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау.









































