Облыстық мешітте күн сайын Рамазан айына орай 3 рет Құран Хатым өтіп жатыр 4276

Облыстық мешітте күн сайын Рамазан айына орай 3 рет Құран Хатым өтіп жатыр

03 наурыз 2025 448 Оқу 1 минут

 «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде күнделікті 3 рет Құран Хатым өтіп жатыр.

Атап айтсақ, ерлер жамағатына облыстық мешіттің ұстазы Талғат Аманов, ал әйел жамағатына офлайн және онлайн форматта мешіт ұстазы Досбол Аймырза Құран Хатымды жүргізеді. Ал офлайнға келе алмайтын әйел жамағаты хатымға Zoom арқылы немесе instagram-ғы @aqtobe_aiel_qyzdar_sektory парақшасы арқылы қосыла алады.

Одан өзге жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ресми парақшасы instagram-ғы @nur_gasyr –да онлайн хатымды Хабибулла қари Мухаммед Хусейнұлы жүргіздеді.

Рамазан – Құран айы. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) десе, «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады» (Хазинәт-ул-әсрар)-делінген. Бұл әрине, түсіне білген әр мұсылман үшін баға жетпес бақыттың бірі.

Айта кетсек, облыстық мешітте аталған мешіттің наиб имамы, «Ақжар» қарилар орталығының директоры облыстың бас қариы Бекжан қари Амангелдіұлы күнделікті тарауих намазын өткізеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі