Хромтау: Ауданның жаңа Бас имамы жамағатты бірлікке шақырды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағаттың ауызбіршілігін арттыруға бағытталған кезекті айлық отырыс өтіп, оған ауданның жаңадан тағайындалған бас имамы Марал Иманғали қатысты.
Жамағат бас қосуында ауданның бас имамы Ислам дініндегі бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталып, қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтау мен нығайту туралы айтты.
Сонымен қатар, жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































