Қаланың Бас имамы мешіттердің қысқа дайындықтарын тексерді 4770

Қаланың Бас имамы мешіттердің қысқа дайындықтарын тексерді

27 тамыз 2025 104 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли мешіттердің қысқа дайындықтарын тексерді. 

Атап айтқанда, Қарғалы ауданында орналасқан «Досжан хазірет» және 41-разъезд аумағындағы «Әр-Рахим» мешіттеріне арнайы барып, олардың ішкі тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

Қаланың Бас имамы мешіттердің жылыту жүйелері мен тазалық жағдайына назар аударып, жамағатқа қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ құжаттар реттілігін де арнайы бір тексеріп, жоспар бойынша тапсырмаларды жүзеге асыруға маңыз қою керектігін ескертті.

Ал имамдар мен мешіт қызметкерлеріне жамағатқа сапалы қызмет көрсетіп, рухани ортада ізгілік пен ынтымақты арттыруға бар күш-жігер жұмсау қажет екендігі баса айтылды.

Алмат Әли алдағы уақытта да өзге мешіттердің қысқы дайындық барысын кезең-кезеңімен тексеріп отыратынын жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі