Республика күніне арналған зияткерлік сайыс өтті
25 қазан — Республика күніне орай Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағат арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушыларға діни сауалдармен қатар, Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар қойылды. Шараның мақсаты — діни білімді жетілдірумен қатар, ел тарихын дәріптеп, отансүйгіштік сезімді нығайту.
Білім додасының қорытындысы бойынша Жакешов Дархан І орын, Мырзағұлов Мирас ІІ орын, Төлеген Бағдат ІІІ орын иеленді.
Жеңімпаздарға мешіт атынан сыйлықтар табысталды. Бірінші орын иегеріне Құранның қазақша аудармасы, екінші орын иегеріне Құран кітабы, ал үшінші орын иегеріне мешіт логотипі бейнеленген кесе берілді.
ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі







































