«Шарапаты мол – Шағбан айы» атты рухани шара өтті 5860

«Шарапаты мол – Шағбан айы» атты рухани шара өтті

28 қаңтар 2026 30 Оқу 1 минут

Әл-Ләтиф мешітінде «Шарапаты мол – Шағбан айы» тақырыбында рухани шара ұйымдастырылды. Аталған шараға мешіт жамағаты құрметпен шақырылып, арнайы дастархан жайылды. Дастархан басында тағылымды насихаттар айтылды.

Шара барысында Әл-Ләтиф мешітінің бас имамы Аманғосұлы Рүстембек «Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың ауызбіршілігі мен ынтымағының маңызын атап өтті.

Сонымен қатар «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Дүйсеев Нұрлыбек Шағбан айының қасиеті мен сауабы туралы насихат жүргізді.

Ал «Қайырқожа» мешітінің бас имамы Құлшаров Шыңғыс «Алладан сұрау керек» тақырыбында уағыз айтып, дұға мен тәуекелдің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ «Бақытжан» мешітінің бас имамы Кәрім Еламан «Алланың разылығына бөленген құл» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, жамағатқа рухани тәрбие берді.

Шара соңында жамағат арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Аталған шараның басты мақсаты — Шағбан айының шарапатын насихаттау, қасиетті Рамазан айына рухани дайындық жасау және жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту.