20 Зул-Қағда
Облыстық мешіттің наиб имамы іс-сапармен Хромтауға барды 4335

Облыстық мешіттің наиб имамы іс-сапармен Хромтауға барды

16 наурыз 2025 207 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен Рамазан айындағы жоспарына орай «Нұр Ғасыр» мешітінін наиб имамы, «Qamqor-Sharapat» орталығының Ақтөбе облысы бойынша директоры Мажит Абишев Рамазанның екінші он күндігінде арнайы іс сапармен Хромтау ауданына барды.
Іс сапар барысында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Наиб имам аудандық «Нұр» мешітінде жамағатқа ауызашарда, құптан намаздарында «Ислам және отбасы құндылығы», «Білім алу парыз», «Дінге беріктік (Истиқама)» тақырыбында насихат айтты.

Сонымен қатар биыл ҚМДБ-на 35 жыл толуын атап өтті және жамағат пен тұрғындарды Ақтөбе облының бас имамы Амантай Садиевтің атынан Рамазанмен құттықтады.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі