Республика күніне орай спорттық сайыс ұйымдастырылды 6758

Республика күніне орай спорттық сайыс ұйымдастырылды

26 қазан 2026 25 Оқу 1 минут

25 қазан — Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағат арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шараға 50-ге жуық адам қатысып, өзара бақ сынады.

Тартысты өткен сайыс қорытындысында Кучаров Жамшит бірінші орынды иеленсе, Досмағамбетов Медет екінші, Дарханұлы Аманбек үшінші орынға тұрақтады.

Жеңімпаздарға ауданның бас имамы Марал Иманғали сыйлықтар табыстап, жамағатты мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Республика күнінің маңызына тоқталып, ел бірлігі мен отансүйгіштіктің мәнін атап өтті.

Шара жамағат арасындағы ынтымақты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі