#Құрбанайт2026: Ақтөбеде Құрбан айттың бірінші күні 3205 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды 6396

#Құрбанайт2026: Ақтөбеде Құрбан айттың бірінші күні 3205 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды

27 мамыр 2026 83 Оқу 1 минут

Бүгін Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша жалпы саны 914 қой мен 27 ешкі және 39 ірі қара малы құрбандыққа шалынып, жалпы 3205 отбасы мен 5 мекемеге құрбандық еттері таратылды.

Ал соның ішінде онлайн форматта 42 қой, 26 ешкі құрбандыққа шалынып, 125 отбасы мен 4 мекемеге құрбандық еттері таратылды. Ал офлайн форматта 872 қой мен 1 ешкі және 39 ірі қара малы құрбандыққа шалынып, 3080 отбасыға және 1 мекемеге құрбандық еттері үлестірілді.

Биылғы құрбандық шалу үрдісі де қашықтан және офлайн түрде ұйымдастырылып, qurban.muftyat.kz сайты арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілуде. Сонымен қатар арнайы курьерлік қызметпен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары «QURBAN-2026» онлайн қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен облыс, қала, аудан мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі. 

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Ақтөбе қаласы бойынша 41 разъезд мекен-жайы бойынша орналасқан «Айбек» СТК (41 разъезд 06), «Дала ел» ЖШС мал базары (четный квартал 178, участок 14) және ЖШС «Кайрат 2024» (Жанақоныс 640) құрбандық малын сою орны болып бекітілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі