Құрбан айтқа орай Бестамақта ұлан асыр той өтті 1916

Құрбан айтқа орай Бестамақта ұлан асыр той өтті

11 шілде 2022 118 Оқу 1 минут

Ұлық мереке құрбан айтқа орай Бестамақ ауылында ұлттық нақышта ұлан асыр той өтті.

Игі шараны Алға аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешіті, аудан әкімшілігі және кәсіпкерлер, мешіт жамағаты мен «Ақтөбе» медресе-колледжі ұйымдастырды.

Салтанатты шараны Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, жиналған қауымды құрбан айтпен құттықтап, ұлық мерекенінің маңыздылығына тоқталды.

Шараға 12 киіз үй тігіліп, 8 ұлттық спорт түрлерінен (садақ ату, арқан тартыс, еркін күрес, тай жарыс, қошқар көтеру, жүгіру, гір көтеру, қол күресі) жарыс ұйымдастырылып, 1 250 000 теңгеге жүлде тігілді.

Одан өзге балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы ойын алаңында батут құрылып, айттық ретінде балмұздақ пен тәттілер үлестірілді.

Құрбан айт мейрамына орай ұйымдастырылған шарада 70.000 теңге гір көтеруге, ересектер арасындағы қол күресіне 30.000 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар арасында жүгіруге 50.000 теңге, ересектер арасында садақ атуға 30.000 теңге, арқан тартысқа 70.000 теңге, тай жарысқа 650.000 теңге, еркін күреске 400 000 теңге қаржылай сыйлық т.б жеңімпаздарға табысталды.

Еркін күрестен 25 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар

 І орын – Ерғазы Мырзабек (Бестамақ) (30.000 теңге)

ІІ орын – Елтай Нұрислам (Бестамақ) (20.000 теңге )

ІІІ орын Абдурахман Жұмабеков (Бестамақ) (10.000 теңге ақшалай ұтыс)

 30 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар

 І орын – Серік Жансұлтан (Бестамақ) (30.000 теңге)

ІІ орын – Ардақ Жандос (Бестамақ) (20.000 теңге)

ІІІ орын – Түгелбай Ержан (Бестамақ) (10.000 теңге)

35 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар

 І орын –Алпамыс Сұлтан-Бейбарыс (Бестамақ) (50.000 теңге)

ІІ орын – Амангелдіұлы Мейірлан (Бестамақ) (30.000 теңге)

ІІІ орын – Нұрмұқанов Нұрәділ (Бестамақ) (20.000 теңге)

80+ келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар

І орын – Бахытханұлы Аманесен (Алға) (50.000 теңге)

ІІ орын – Елеусіз Ислам (Тоқмансай) (30.000 теңге)

ІІІ орын –Бауыржан Советов (Ақтөбе) (20.000 теңге)

 Тай жарысының жеңімпаздары

 І-ІІ орын 500 000 теңге Бесқоспа ауылы, ІІІ – Тоқмансай 100 000 теңге, IV орын – Ембі Бірлік ауылының 50.000 теңге шабондаздары жеңімпаз болды.

1 км қашықтықта жүгіруден 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаздар

 І орын – Шынтемір Асхат (25 000 тг)

ІІ орын – Тұрақбай Муслим (15 000 тг)

ІІІ орын – Төлеш Мирас (10 000 тг)

ІV орын – Сериков Даулет (5 000 тг ұтыс)

2 км қашықтықта жүгіруден Ересектер арасында жеңімпаздар

 І орын – Сексенбай Нұрысбек (25 000 тг)

ІІ орын – Жукетаев Ғабит (15 000 тг)

ІІІ орын – Алібеков Нұрбек (10 000 тг)

ІV орын – Қалабаев Ғани (5 000 тг.ұтыс)


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі