Құрбан айт мерекесіне орай «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды 6395

Құрбан айт мерекесіне орай «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды

27 мамыр 2026 26 Оқу 1 минут

Құрбан айт мерекесіне орай Шалқар ауданында «Жастар ісі» секторы және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 

Игі шара барысында мешіт имамдары мен ерікті жамағат мүшелері тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салды. Бұл бастама Құрбан айт мерекесінде халыққа қолдау көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлық құндылықтарын арттыру мақсатында жүзеге асты.

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков акцияның негізгі мақсаты – ел арасындағы бауырмалдықты нығайтып, береке-бірлікті күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ көлігі бар азаматтарды мүмкіндігіне қарай сауапты іске үлес қосуға шақырды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан еріктілер мұндай игі бастаманың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтып, алдағы уақытта да белсенді атсалысуға дайын екендерін айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі