Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық іс шара өтті 4972

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық іс шара өтті

31 қазан 2025 99 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық іс шара ұйымдастырылды.

Шара аясында 15 отбасыға азық-түлікпен толтырылған себеттер табыс етілді. Бұл игі істі мешіттің наиб имамы Қанат Қасымов өз қолымен жеткізіп, әр отбасыға жылы лебізін білдірді.

Бұл шараның мақсаты – қоғамдағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, олардың тұрмысына жеңілдік жасау және қайырымдылықты насихаттау арқылы ізгілік пен адамгершілікті арттыру.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі