Хромтау: Рамазан айының құрметіне орай  азан жарысы ұйымдастырды 2633

Хромтау: Рамазан айының құрметіне орай азан жарысы ұйымдастырды

04 сәуір 2023 258 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешіті мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Хромтауда азан жарысы өтті.

Қасиетті рамазан айына орай мешіт жамағаты арасында әдемі әуезді азан сайысына 11 үміткер қатысты.

Әділқазылардың бағалауы бойынша жүйрік деп танылған әуезді азаншылар анықталып, І орынды Әбдімажит Арман (20.000 теңге) иеленді. Ал ІІ орынды Амансерікұлы Әмір алса (15.000 теңге), үздік үштік ретінде Әбдімажит Абдулла қорытындылады (10.000 мың).

Одан өзге барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге аудандық мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлының алғыс хаты табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі