Ырғыз: Футболдан қайырымдылық турнир ұйымдастырылды 1614

Ырғыз: Футболдан қайырымдылық турнир ұйымдастырылды

29 сәуір 2022 93 Оқу 1 минут

 Ырғыз аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан – рақым айы» және Ырғыз аудандық мешітінің 30 жылдығына орай «Жігер» спорт кешенінде футболдан қайырымдылық турнирі өтті. 

Сайысқа 7 топ қатысып, І орынды «Ы.Алтынсарин» , ІІ орынды «Жігер», ІІІ орынды «Спорт» тобы иеленіп, Әбдіғани Аслан «Үздік сұрмерген», Таласбай Еркебұлан «Үздік шабуылшы», Балғазы Еламан «Үздік қақпашы», Рахметолла Мұқағали «Үздік қорғаушы» номицация иегерлері атанды.

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар беріліп, түскен қайырымдылық қаржы бір отбасының газ жүгізуіне көмек ретінде табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі