4 Сафар
Мұғалжарда Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды 4566

Мұғалжарда Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

04 маусым 2025 64 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық “Нұртай” мешітінде Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды.

Ауданның бас имамы Мұхаммедисмаид Шадман діни мерекенің 6,7,8 маусым аралығында атап өтілетіндігін айтты. Құрбан айт намазының уақыты Ақтөбе облысында таңертеңгі сағат 6.30-да белгіленгендігін хабарлап, мереке күндері өтетін діни рәсімдердің жоспарымен таныстырды.

Сонымен қатар бұл күнгі ерекше құлшылық – құрбан шалу рәсімінің арнайы белгіленген орындарда өткізілетіндігін ескерте отырып, мерекелік намазға дейінгі шалынған мал еті құрбандық болып саналмайтындығын еске салды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі