Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы " мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен әйел жамағатының арасында кітап талқы және интеллектуалды сайыс өтті. 3462

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы " мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен әйел жамағатының арасында кітап талқы және интеллектуалды сайыс өтті.

21 шілде 2024 888 Оқу 1 минут

Игі шара "Жанаман ахун Сейітімұлы "мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде берекелі дастархан басында өрбіп, алдын - ала таңдау жасалынған "Ең бақытты әйел" кітабына әйел жамағаты қызу дайындықпен келді.  

Белсенді жамағат әйел адамның отбасындағы рөлі, күнделікті  мән бере бермейтін пайдалы, тың  ақпараттармен бөлісті.

Ұстаз Жұлдыз Тлеубай "kahoot" программасы арқылы фиқх, сира, отбасы ғылымхалы дәрістерінен интеллектуалды сайыс өткізіп, белсенділік танытқан үздік шәкірттерге Шалқар ауданының бас имамының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Психолог маман Құрбанова Құралай ханым қызықты, ой сергітер психологиялық ойындар ұйымдастырды.

Айта кетейік, шарада  "Әйелдерді зорлық -  зомбылықтан қорғау" тобының инспекторы полиция аға - лейтенант Журмагамбетова Бекзада Алмасқызы әйел жамағатына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пікір алмасты.