Шалқар: "Қош келдің, мүбарак Мәуліт айы!" атты рухани кеш ұйымдастырылды 2205

Шалқар: "Қош келдің, мүбарак Мәуліт айы!" атты рухани кеш ұйымдастырылды

26 қазан 2022 187 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Әбдіисламұлының ұйымдастыруымен "Матай Қоқанұлы" мешітінде "Қош келдің, мүбарак Мәуліт айы!"  атты рухани кеш өтті. 

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне арналған шарада Құран оқылып, салауат айтылды. Игі басқосуда Шалқар ауданының наиб имамы Нұрсұлтан Жүнісәлі, Бегімбет ауылының имамы Нұрдаулет Әуезов  құттықтау сөз айтып, “Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тұлғалық келбеті” тақырыбында насихат айттылды. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен мешіт ақсақалдары “Мәуліт” мерекесімен құттықтап, осынау игі шараға шынайы тілеулестік білдірді. 

Кештің құрметті қонағы Мұғалжар ауданының Бас имамы Асемхан Ерғазин “Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат” тақырыбында арнайы тоқталды. Жамағаттың сүйікті пайғамбарына (с.ғ.с.) деген шексіз махабатты арттыру жолдарын айтты. Одан өзге рухани кеште терме орындалып, діни-танымдық викториналық  негізде пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан сұрақ-жауап сайысы өтіп,  аталған сұраққа дұрыс жауап бергендерге «Мәуліт сыйы» таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі