Облыстың Бас имамы «Абай мұралары — ұлттың рухани жаңғыруы мен бірлігінің бастауы» атты дөңгелек үстелге  қатысты 1605

Облыстың Бас имамы «Абай мұралары — ұлттың рухани жаңғыруы мен бірлігінің бастауы» атты дөңгелек үстелге қатысты

29 сәуір 2022 89 Оқу 1 минут

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығы және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Абай мұралары — ұлттың рухани жаңғыруы мен бірлігінің бастауы атты дөңгелек үстел өтіп, оған облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қатысты.


Шара барысында белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ұлы Абай ақынның баға жетпес рухани мұралары туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар белгілі күйші Талап Хамзин Абайдың «Торы жорға», Қазанғаптың «Өттің дүние»» күйлерін орындады.

 Одан өзге шара қортындысында музей директоры Мейрам Дүйсенғали мазмұнды әңгіме өрбіткен қонақтарға алғысын білдіріп, жуырда ғана жарық көрген «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындағы монографияларды табыстады.
Айта кетсек, руханиятты байытатын шарада «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі