Облыстық мешітте сенбілік өтті (ФОТО) 2907

Облыстық мешітте сенбілік өтті (ФОТО)

04 қыркүйек 2023 219 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен сенбілік өтті. 

Мешіт қызметкерлері облыстық орталық мешітінің ауласындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүгізуден қалған орындарды тазалады.

«Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, табиғатта тірі организм. Сондай-ақ тазалық – иманның жартысы екенін ұмытпай, өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек,- деді облыстың Бас имамы.

Әбу һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай десе «Алла Тағалаға елді мекеннің ең көрікті жерлері – мешіттер». Ал Имам Науауи (р.а.): «Қалалар Аллаға мешіттерімен сүйікті. Өйткені мешіттер Алланы еске алу үшін, тақуалық пен ізгі амалдарды егуге арналған Алланың рақымы түскен мекен» деген.

Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын екенін естен шығарманымыз абзал.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі