РАНТ мүшесі отбасылық семинар өткізді 3967

РАНТ мүшесі отбасылық семинар өткізді

26 қараша 2024 178 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «»Нұр мешітінде «Бақытты отбасы – ұлт тірегі» атты жас жұбайларға арналған отбасылық семинар-тренинг өтті. Арнайы іс-сапармен келгенн РАНТ мүшесі Қамбаров Руслан ұстаз жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтты. Аталған шараға мешітте некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындап қайтты. Үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайлар үшін отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында ағалық ақыл-кеңес, үлкеннен үлгі-өнегенің нағыз керек шағы. Осыны ескерген ұстаз отбасы бірлігі мен тыныштығын сақтау жөнінде тұшымды насихат айтып, жанұя жарасымына қол жеткізу жолдары жайлы баяндады. Сонымен қатар игі бастама алдағы уақытта да желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді. Отбасы құндылықтар жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен семинар-тренинг қатысушылар үшін орны бөлек азық болды.