#Рамазан2026: Облыстың Бас имамы Қобда ауданының ауызашарына қатысты 6074

#Рамазан2026: Облыстың Бас имамы Қобда ауданының ауызашарына қатысты

15 наурыз 2026 38 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Қобда ауданында ауызашар беріліп, оған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев қатысты. 

Облыстың Бас имамы Қобда жамағатын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, «Ислам адамды тек Алла алдында ғана емес, қоғам алдында да жауапты болуға тәрбиелейді. Әрбір іс-әрекет үшін есеп берілетініне сену – адалдықтың ең биік көрінісі» деп «Ислам және адал қоғам» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Амантай Садиев қоғамдағы «Аталар» мен «Әжелер» мектебінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ауызашар берудің сауабы, дін қызметіне жәрдем беру туралы да баяндады.

Рухани шара барысында термелер айтылып, ақсақалдар батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі