20 мұқтажға зекет таратылды 3344

20 мұқтажға зекет таратылды

10 сәуір 2024 865 Оқу 1 минут

Зекет – Исламның бес парызының бірі. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы 20 мұқтаж кісіге зекет таратты. Бас имам әр адамға 30 мың теңгеден, жалпы 600 000 теңге қаражат зекет беріп, Рамазан айының жақсылығы мен шарапатын тіледі. Алладан отбасыларына амандық, дендеріне саулық сұрады. Өз кезегінде зекет алған кісілер дін қызметкерлері мен жаны жомарт жандарға баталарын беріп, шынайы алғыстарын жеткізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі