РАТТ мүшесі насихат жүргізді 3932

РАТТ мүшесі насихат жүргізді

19 қараша 2024 340 Оқу 1 минут

РАТТ мүшесі Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті. Ұлытау облыстық орталық Ахмед Ишан мешітінің ұстазы Елдос Жұмаділда Ақтөбе өңіріндегі арнайы сапары барысында қалалық орталық мешітінің жамағатымен кездесіп, «Намазхандардың қоғамдағы орны және жауапкершілігі» турасында уағыз-насихат айтты.

«Мұсылман-бүгінгі қоғамда діннің айнасы. Қанша жерден дініміз кемел, пенде кемшілік жасаушы деп ақталсақ та, қоғам сіз бен біздің сөйлеген сөз бен іс-әрекетіңізге, мінезіңіз бен мәмілеңізге қарап ұстанған дініңізге баға береді. Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ өзгелермен қарым-қатынас жасауы өз алдына, қарапайым тұрмыстағы әрекеттері ең көркем және әдепке тұнып тұр. Сол әдепті жаңғырту бүгінгі бізге, қазіргі дін ұстанушыларға ауадай қажет»-деп баса айтты. Сондай-ақ, уағыз-насихат соңында көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, маңызды мәселелерге кеңірек тоқталып өтті.