ХРОМТАУ: БАС ИМАМ ДНК ҰЖЫМЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ 3934

ХРОМТАУ: БАС ИМАМ ДНК ҰЖЫМЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ

19 қараша 2024 440 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы Хромтау қ Хром өндеу шығару ДНК ұжымына «Адал еңбек рызықтың берекеті» тақырыбында насихат айтты.

Ерік Қонақбайұлы насихатында: «Қазіргі уақытта кейбір жандардың мал дүниесінде берекеті болмауы адалдыққа тікелей байланысы бар екені жатады. Соған орай қазіргі тұлға екі түрлі әлемін салыстыра ой толғағым келеді. Жаңа заман – ғылым мен инновациялық технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы. Қазір еліміздегі бар мүмкіндікті қолданып, білімге құштар болып жүрген тұлғалар аз емес. Адалдыққа құмар болған сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, қоғамда оған қарап бой түзейді. Жаңа ғасырдың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана біліп жатқан тұлғалар көпке үлгі бола алады. Ондай тұлғалар жоғары қызмет орнын тек Қазақстанда ғана қызметпен шектелмей, одан әрі өз білімдерін жетілдіріп, шетелге оқуға түсіп жатады және де түрлі ғылыми жоба қорғап, белсенділік танытып елімізге үлес қосады. Білімдерін одан әрі іс жүзінде дамытып жатқан жастар қаншама! Бұндай талантты жастарды мақтан тұтамыз. Ардақты Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінде: «Ислам негіздерінің бірі бұл адал кәсіп», - деген болатын», - деді.