«Пәтуа сағаты» Ораза мәселелеріне арналды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде жұма намазынан кейін кезекті «Пәтуа сағаты» ораза мәселеріне арналды.
Имамдар мен ұстаздар жамағаттың қойған әр сұрағына толыққанды жауап берді.
Қозғалған тақырыптардың басым бөлігі сырқат адамға ораза ұстауға бола ма?, ораза ұстамаған адамға тарауық намазын оқуға бола ма? ораза кезінде моншаға түсуге бола ма?
Айта кетсек, Пәтуа сағаты әр жұма күні өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі