Мешіттің екі қызметкеріне Умра сыйға берілді
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің екі бірдей қызметкеріне умра қажылығы сыйланды. Атап айтсақ, мешіттегі тәртіп пен реттілікті әрдайым қадағалап,құлшылық ордасына келуші жамағаттың жеке заттарының жоғалмауын қадағалап, өзге де ішкі қауіпсіздік шараларын асқан жауапкершілккпен атқарып жүрген, мешіт күзетшісі Мақсат Таухановқа және қари ұстаз Мырзабек Хамитовқа табысталды.
Қари ұстазымыз күнделікті таң мен құптан намаздарында құранды толық хатым етіп, одан әрі жалғастырып келе жатқан еңбегі бағалағанды. Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен жамағаттың жомарт азаматтары екі бірдей қызметкерді қасиетті мекенге жолдама тарту етіп осылай қуантты.
Алла тағала аталған іске бастамашы болған барша демеушілерге сансыз сауаптан жазып, істеріне береке бергей! Ал, жолдамаға ие болған мешіт қызметкерлеріне сәтті сапар тілеп, қабыл болған қажылықтардан болсын деп ниет білдіреміз!