Мешіт жамағаты Алланың үйіне шаңсорғыш сыйлады
Біздің елімізде уақып жақсы дамып келеді. Уақып дегеніміз – белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану. Уақып жасаушы адамның ниеті аса маңызды. Шариғатымызда: «Уақып етушінің сөзі – Құдайдың үкімімен тең» деген қағида бар. Яғни, уақыпқа берілген мүлік оны Алла жолында жұмсаған иесінің айтуы бойынша пайдалануға беріледі.
Халқымыз: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі» дейді. Асыл дініміз өзгелерге көмектесуге, қамкөңіл жандардың қамын жеуге үндейді. Алланың қалауымен жанашыр бауырларымыз Ақтөбе қалалық орталық «Бақытжан» мешітіне 1.300.000 теңгелік шаңсорғышты тарту етті. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жақсы көрген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» («Әли-Ғимран» сүресі, 92-аят) деп, бізге әмір етуде.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































