Қалалық мешіт имамдары «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат берді 3834

Қалалық мешіт имамдары «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат берді

18 қазан 2024 365 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің имамдары «Aqtobe»телеарнасына сұқбат берді.Атап айтқанда мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы «Иман нұры» бағдарламасында «Исламдағы әділдік ұғымы» тақырыбында «Дінімізде әділдік ұғымы адамның жеке басына қатысты ұсақ істерден басталады. Яғни, өз жаратылысына қатысты мәселеде мысалы, жанға рухани азық беру, тәнге аманат ретінде көңіл бөлу секілді әділдік танытқан жан, қоғамға да әділдік сипатымен танылады алады. Сондай-ақ, әділ болу Алла тағаланың алдында да пендені абыройлы етпек. Оған қатысты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Қиямет күні Алланың аршысының көлеңкесінде болатындардың бірі -әділ патша» деген мағынада хадисі бар» деп тақырыпты кеңінен талқылап өтті. Сонымен қатар, мешіт ұстазы Рүстембек Аманғосов бірлік турасында «Бөлінгенді бөрі жейді» тақырыбында әңгіме өрбітіп, ауызбіршілік барлық істің берекесі екендігін, ынтымақ арқылы қоғамның жұмысы ілгері жылжитыны жайлы айтып, бірлік ұғымының дініміздегі маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, әр жұма сайын жарық көретін «Иман нұры» бағдарламасынан түрлі тақырыптарды тыңдай аласыздар.