Облыстың Бас имамы Шалқар ауданына арнайы сапармен барды 3865

Облыстың Бас имамы Шалқар ауданына арнайы сапармен барды

28 қазан 2024 61 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы Шалқар ауданына арнайы іс – сапармен келді.

Шалқар ауданына атбасын тіреген Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Әбілдаұлы, Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев және Ақтөбе қалалық «Досжан Хазірет» мешітінің имамы Шынболат Әлімқұлұлына Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков аудан ахуалымен таныстырып, 1 күндік жұмыс жоспары талқыланды. Жұмыс жоспарын талқылау барысында жергілікті діни ахуалдың жай-күйін айта келе, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Әбілдаұлы өңірдегі діни ахуал, жат ағыммен күресу жолдары, жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру, аудан мен ауданға қарасты ауылдағы дін мамандарына әдістемелік көмек беру жолдарын ашық түрде айтып өтті.

Бас имам Амантай Әбілдаұлы Шалқар ауданына жасаған арнайы сапарында аудан әкімі Жанболат Өтеғұлұлымен кездесті. Кездесу барысында Бас имам Шалқар ауданындағы мешіттердің жағдайы мен имамдардың әлеуметтік мәселелерін сөз етті. Одан өзге 2024 жылы жарық көрген «Бабалар ізімен» атты кітапты аудан әкіміне сыйға тартып, кітаптың мазмұнымен таныстырып өтті. «Бұл еңбекте асыл дініміз исламның Қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары, иман негіздері, сондай-ақ мұсылмандық әдеп жоралғылары қамтылған. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Дәстүрлі діни танымның тарихи негіздері» деп аталады. Екінші бөлім дәстүрлі діни таным ұстындарына арналды. Ал үшінші бөлімде дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен жазылған», – деді Амантай Әбілдаұлы.

Өз кезегінде аудан әкімі Жанболат Жидеханов аудандағы діни ахуалға тоқталып, қалада жаңадан бой көтеріп жатырған мешіт құрылысын сөз етті.Сондай – ақ, арнайы Шалқар ауданына келген облыс Бас имамына өлкенің тарихи тұлғалары қамтылған «Шалқар энциклопедиясы» кітабын сыйға тартты.