Ойылда шағын футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды
Ойыл ауданында Республика күніне орай мешіт жамағаты арасында достық қарым-қатынасты нығайту және бұқаралық спортты дамыту мақсатында шағын футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Қобда ауданының бас имамы Шымболатов Абай, Темір ауданының бас имамы Ералин Зарлық сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ал шараны ұйымдастырушы ауданың бас имамы Қызыр Бақжарық жарыстың маңыздылығына тоқталды.
Аталған сайысқа 8 топ қатысты. Турнир қорытындысы бойынша lll орын Қобда мешіті, ll орынды Спорт мектебі, l орынды Ойыл мешіті ие болды. Ал "Үздік ойыншы" Қабдуахит Досымжан, спорт мектебі. "Үздік қорғаушы" Әілханов Диас, ойыл мешіті. "Үздік қақпашы" Қобда мешіті Бимашев Ардақ атынды.
Жеңімпаз топтар мен жекелеген ойыншыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































