Имамдарға “Үкім беру мен пәтуа шығару” семинары өтті
Ақтөбе қаласы “Бақытжан” мешітінде қала имамдарына арналған «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» атты маңызды семинар өтті.
Семинарды Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов жүргізді.
Семинардың басты мақсаты – шариғи үкім шығару мен пәтуа берудің маңыздылығын түсіндіру, оның жауапкершілігін арттыру және діни қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру болды. Жиын барысында ислам шариғатындағы үкімдердің негіздері, Құран мен сүннетке сүйене отырып пәтуа беру қағидалары, сондай-ақ заманауи қоғамдағы өз
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарын ортаға салды. Семинар аясында имамдарға халықпен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері түсіндіріліп, діни ақпаратты дұрыс жеткізудің маңызы айтылды. Бұл өз кезегінде қоғамдағы түсіндіру жұмыстарын жүйелі әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.









































