Шалқар жамағаты кезекті басқосты 3803

Шалқар жамағаты кезекті басқосты

08 қазан 2024 505 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің Бас имамы Абзал Медетбековтың ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты кезекті басқосу өтті.

Ауданда аптаның әр сенбі күні берекелі дастархан басында басқосуды үрдіске айналдырған.

Ауданның Бас имамы жамағатқа Имам Нәсәфидің «Әт-тәйсир фи тәфсир»» кітабынан «Музаммил» сүресінің тәпсірін аяқтады.

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани отырыс соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі