РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданында ақпараттық-түсіндіру   жұмыстарын жүргізді 2936

РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

20 қыркүйек 2023 240 Оқу 1 минут

 РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Мұғалжар ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

РАНТ мүшесі «Қадірәлі ата», «Нұр», «Нұртай», Жұрын және Сағашилі ауылдық, «Жаңажол» вахаталық мешітінде «Дін мен дәстүр», «Сахабалар салған сара жол», «Мешіт әдебі» тақырыптарында насихат айтты.

Одан өзге Қандыағаш қаласындағы өнеркәсіптік-экономикалық коледжінде студенттерге «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер» тақырыбында, Аккемер ауылында мектеп ұжымы мен ата-аналарға «Салиқалы ұрпақ» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізіп, тақырып аясында кеңінен тоқталып, қатысушылардың сұрағына тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі