Темірде «Qamqor-Sharapat» жұмыстары түсіндірілді 4098

Темірде «Qamqor-Sharapat» жұмыстары түсіндірілді

30 қаңтар 2025 105 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, облыс бойынша «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Мажит Абишев Темір ауданына арнайы іс-сапармен барды.

Сапар аясында ақсақалдар және мешіт алқасы мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар зират және зиярат мәдениеті туралы, орталық жұмысы жайлы толығырақ баяндады.

Одан өзге Мажит Абишев жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғаттағы шарттары қандай болу керектігіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Ас беру мәдениеті туралы жіті айтып,
ысыраптың алдын- алу туралы сөз қозғалды. Жиынға қатысушылар аталған істің дұрыстығын қолдап, алдағы уақытта жалғасын таба беруіне тілектестігін білдірді.

Айта кетсек, Темір ауданында ас берудің арнайы мәзірі бекітілді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі